ДУЛАТОВА Гүлнар Міржақыпқызы (4.11.1915 ж.т.,Орынборқ.)-журналист, әдеби мұраларды жинаушы, 20 ғ-дың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М.Дулатовтыңқызы. Алматы мемл. мед. ин-тын бітірген (1939). 1939 -87 ж. дәрігер-дерматолог қыметін атқарған. Д. «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Айтуытов, т.б. туралы деректердіалғаш жариялаушы. Алматыдағы Орт. мұражайға, Торғайдағы, Қостанайдағы, Семейдегі, Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына катысты олардың жеке заттарын, кітаптар, суреттер, хаттар мен құжаттар, т.б. көптеген экспонаттар тапсырған. Баспасөзде Д-ның очерктер мен эсселері 1988 жылдан жариялана бастады. «Свет истины» («Шындық шырағы») кітабы 1995 ж.,1999 ж. екі томдығы жарық көрді. Сондай-ақ, Д. әкесінің «Оян, қазақ!» (А.,1989) кітабын, 2 томдық шығармалар жинағын (А„ 1996. 1997). 5 томдық шығармалар жинағын (А„ 2004) құрастырушы ларының бірі.