ДРУЖИНИНА Людмила Гаврилова

ДРУЖИНИНА Людмила Гаврилова(8.3.1918, Ресей, Омбы обл. Калачинск станциясы -1996) -ақын. ҚазҰУ-дың химия ф-тін бітірген. Томск геология басқармасында жұмыс істеген. 1947 ж. ол «Томск» альманағында және Томск обл. «Красное знамя» газетінде өзінің алғашқы
өлеңдерін жариялады. Содан бастап журналистік қызметке ауысып, Томск, Новосібір және Талдықорған газеттерінде қызмет атқарды. Балаларға арналған алғашқы «Көңілді үйірме» кітапшасын 1954 ж. Новосібір кітап баспасында шығарды. Келесі жылы осы баспадан балаларға арналған екінші кітапшасы -«Жанды календарь» жарық көрді. «Сәбилер ер жетеді» (1959),»Ынтымақгы істер» (1959),»Баспалдақтан баспалдаққа» (1961),»Апорт» (1963),»Үйде және мектепте» (1968),»Көңілді балалар»(1977),»Сиқырлы суретші» (1980),»Орман соқпағы» (1985) жыр жинақтары Алматыда басылып шықгы. Талдықорған қалалық Кеңесінің депутаты болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *