ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (1490. қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов обл. Азауқ. -1523. Астрахан маңы) -жырау,қолбасшы, батыр. Өз заманында Қырым, Ноғайлы, Қазан халықтары арасындағы шайқастарға қатысқан. «Айнала бұлақ басы тең»,»Тоғай, тоғай, тоғай су»,»Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық», «Өкінбен», «Күн қайда», т.б. Жырау шығармаларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылғандықтан,ел жадында сақгалған санаулылары ғана бізге жеткен. Оның өлеңдері Қазан төңкерісіне дейін М.Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» (СПб.. 1883) атты жинағы мен В.В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» (СПб. 1896) деген жинағында, ал кеңес заманында «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967) мен «Алдаспан» (1971),»XV -XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982),»Бес ғасыр жырлайды» (1985). т.б. көптеген хрестоматия, жинақтарда жарық көрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *