ДОСЖАН Темірбайұлы (т.аж.б. 19 ғ„ қазіргі Бат. Қазақстан обл. Жаңақала маңы) -қазақтың ақпа ақыны. Кіші жүз Байұлы ішінде Алаша руынан тарайды. Ел арасында «Қарабура Досжан» атаған. Тоқсан жасап дүние салған. Д-ның «Жетеді бір уыс түз бір қауымға»,»Көшек төренің Салық, Шәріп деген балалары оқудан келгенде айтқаны»,»Ай не болар күннен соң»,т.б. өлең, толғаулары Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында (484. 364 бумалар) сақтаулы. Д. шығармалары — өмірдің мәні мен жарастығы хақында ойлы түйіндер,әсерлі толғаныстар болып келеді.