ДОСБОЛ Қорлыбайұлы

ДОСБОЛ Қорлыбайұлы (1800. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. -1890. Қызылорда обл. Шиелі ауд.) -би, шешендік өнердің белді өкілі, қоғам қайраткері. Орта жүз құрамындағы қыпшақ тайпасынан шыққан Д. би ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен,ел мен елді бітістіріп, әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен халық арасында зор беделге ие болған адам. Ол «Бәрінен сөз бастау қиын. Тауып айтсақ, мереке қылады, таппай айтсаң, келеке қылады» деп,аталы сөзді бәрінен жоғары қояды. Қоқан бектерінің ел тыныштығын кетіріп,тонау саясатын жүргізгеніне қарсы тұрып,оларды ашық сынап,жолыққанда әзіл-сықақпен түйреп отырған. Содан қуғынға ұшырап,екі-үш жыл Арқаға барып паналаған. Д. Әжібай мен Торғай датқаны аталы бір ауыз сөзбен татуластырған («Іс түскенде басыңа, Тумаң тұрар қасыңда, Түбі бірге түртпейді, Туғанға ешкім жетпейді»). Д-дың жігіт шағында бір топ кісілермен өр найман жақка мал дауымен барып, сөзден алдыртпайтын Көкшолақ биді ұтымды дәлелмен жеңгенін жұрт аңыз етеді. Д-дың сын-болжау,нақыл сөздерінің өзі жеке бір сала мақал-мәтел іспеттес болып,халық арасына кең таралған. Бейіті Оқыш ата қорымында,Д-дың ел аузындағы сөздерін жинап жариялауға Н.Қасымұлы үлкен үлес қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *