ДОСАНОВ Сәбит Аймаханұлы

ДОСАНОВ Сәбит Аймаханұлы (12.1.1940 ж.т.. Торғай обл. Амангелді ауд. Байғабыла.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген. Кейін Қазақ телерадио к-тінде редактор. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағы Әдебиетшілер үйінің директоры. Қазақстан Жазушылар одағында жас әдебиетшілермен жұмыс жөніндегі Кеңесінің жауапты хатшысы болып істеді. 1985 -89 ж. Әдебиет қоры қазақ бөлімінің бастығы, 1991 -95 ж. Респ. Халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының бас директоры, 1996 -97 ж. мемл. «Қайнар» баспасының бас редакторы болып істеді. Қазір Т.Жүргенов атынд. Өнер академиясывда ұстаздық қызметте. Д-тың 1958 ж. «Шабындықта» атты тырнақалды шығармасы жарық көрді. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптары бар. Д-тың «Дауыл» пьесасы М.Әуезов атынд. Қазақ мемл.академиялықдраматеатрында және С.Қожамқұлов атынд. Торғай обл. театрында қойылды. «Ертең бюро» пьесасы М.Өтемісов атынд.Атырау обл. қазақ драматеатрының сахнасында қойылды. Д-тың шығармалары шет ел халықтарының тілдеріне аударылған. Қазақстанның еңб. сің. қайраткері, М.Шолохов атынд. Халықар. сыйл. лауреаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *