ДОСАЙ Бәйгелұлы (1692, қазіргі Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек ауд. Алғабас а. -1970) -би,шешен. Ұлы жүз құрамындағы үйсін тайпасынан шыққан. Бала кезінен ауыл-аймақ арасындағы кішігірім дау-дамайларды шешіп, тапқырлығымен,шешендігімен көзге түскен. Кейін көптің қалауымен би сайланған. Ел басына күн туған алмағайып кезеңдерде елді жаудан қорғаудың түйіні қиын мәселелерін Төле, Әйтеке, Қазыбек билермен бірге ақылдасып, шешкен. Інісі Қосай -жоңғарларға қарсы бірқатар шайқастарды басынан кешкен батыр. Халық арасында Д. би айтқан деген уәжді нақыл сөздер көп сақталған.