ДОМБРОВСКИЙ Юрий Осипович (12.5.1909. Ресей, Мәскеу-29.4.1978. сонда) -жазушы,аудармашы. Алматыда. 1956 жылдан Мәскеуде тұрды. 1933 -39 ж. орта мектепте мұғалім,директор. Қазақстан Орт. мұражайында аға ғыл. қызметкер болған. Негізсіз бірнеше рет айыпталып, 1956 ж. ақталды. Алғашқы шығармасы -«Державин» романы 1939 ж. жарық көрген. «Қара-торы қыз» атты тарихи новеллалар жинағы (1969),»Маймыл өзінің бас сүйегін алуға келеді» романы (1959),»Көне мұраны сақтаушы» (1964),»Қажетсіз заттар қоймасы» (1988) романдары. Гоголь көшесіндегі ағаш үй» атты естеліктер кітабы (1973),көптеген әңгімелері, өлеңдері, әдеби-мақалалары жарық көрген. Қазақстан тақырыбы Д. шығармасында ерекше орын алады. М.Әуезовтің»Абай жолы» эпопеясы туралы «Творчестволық ерлік», А.С. Пушкин атынд. ҚР Мемл. кітапханасы жөнінде «Қазақстанның кітап қазынасы», т.б. еңбектерін жазса,»Алау» деген әңгімелер жинағында (1974) республикамыздың тамаша адамдары жайлы әңгімелейді. Д. орыс-қазақ әдеби байланысының дамуына мол үлес қосты. С. Мұқановтың»Сырдария» (1949),»Өмір мектебі» (1-кіт.. 1960), I. Есенберлиннің»Айқас» (1968),»Қатерлі өткел» (1970) романдарын,Е.Ысмайыловтың»Ақындар» монографиясын (Х.Сыздықовпен бірге 1957). Ғ. Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, Б. Соқпақбаевтың, т.б. бірқатар әңгіме. повестерін орыс тіліне аударған.