ДИУАН

ДИУАН (парсы -жазыпалу.кітап) — шығыс классикалық әдебиетіндегі бір немесе бірнеше ақынның шығармаларын қамтитын жинақтың атауы. Д-дағы шығармалар жанр бойынша, әліпбилік тәртіппен орналасады. Шығыс поэзиясында дастандар, поэмалар хамса боп бестен біріктірілсе, Д-ға, негізінен, көлемі шағын көркем шығармалар -ғазалдар, сонымен бірге қасидалар, мұхаммастар, мусаддастар, алты-тармақ, мусаббалар (жетітармақ, қыталар) (үздіктер), рубаи, мәснәуилер кірген. Шығыстың белгілі шайырларында бір немесе бірнеше Д. болған. Мыс., Әлішер Науаидың (Ш\-т\) «Чар Диуан» (төрт диуан) атты шығармалар жинағы болған. Әрқайсысының жеке тақырыбы, аты болған. Олар: «Балалық шақтың базарлары», «Бозбала шақтың маржандары», «Орта жастың ғажайыптары»,»Қарттықгың қасиетті кеңестері», Сөйтіп, «Чар Диуан» ақынның бүкіл өмірін қамтып шығады. Батыс әдебиетінде бұл үлгіде жасалған В.Гетенің әйгілішығармасы -«Батыс-Шығыс диуаны»,»Д.» сөзі «кітап» деген мағынаны білдіріп, басқа да жинақтарға қолданылған. Махмұт Қашқари үш томдық түсіндірме сөздігін «Диуани лұғат ат-түрк» деп атаса, Қожа Ахмет Иасауи хикметтер жинағын «Диуани хикмет» деп атаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *