ДИССОНАНС (франц. (dissonance, лат. dissonoүйлесімсіз дыбыстаймын). әдебиеттануда —
өлең ұйқастарында кездесетін құбылыс; толымсыз ұйқастың бір түрінің атауы. Д. түрлі өлең жүйелерінде түрліше сипатта болады; тоникалық жүйедегі орыс өлеңінде Д. -өлең ұйқастарындағы екпін түсіп түрғандауысты дыбыстардың сәйкеспей, тек одан кейінгі дауыссыздардың ғана өзара үндесіп (ұйқасып) немесе бірдей болып келуі. Мыс.: слово -слева -слава. Ал силлабикалық жүйедегі қазақ өлеңінде Д. үйқастың акустикалық құрылымындағы бір немесе бірнеше дауысты дыбыстардың сәйкеспей, үйлесімсіздік танытып, ұйқас құрамындағы дауыссыздардың түгел дерлік өзара үндесуіне негізделеді. Мыс.: «Әуелде бір суық мұз -ақыл з е р е к, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек» (Абай»). Д. сирек, ондада көп (төрт, бес) буынды өлең ұйқастарының бастапқы буындарындағы селкеулік ретінде ғана әредік ұшырасады. Мыс.; «Қойшы аянбас сіздердей «қонағынан», Не бір серке сойылар, н е бағлан. Жазбай тани қоясың жаздың нұрын, Жадыраңқы іңірдіңқабағынан» (Т.Әбдікәрімов). Д. түзіп тұрған ұйқастардағы үндестік тек дауыссыз дыбыстардың үйлесіміне, яғни олардың өзара ұйқасып немесе қайталанып келуіне негізделетіндіктен, оны кейде консонанс (франц. conconne-үндесу) деп те атайды, бірақ бұл атау сирек қолданылады.