ДЕТЕКТИВТІК ӘДЕБИЕТ

ДЕТЕКТИВТІК ӘДЕБИЕТ (ағьш. didaktikos -әйгілеу, әшкерелеу) -шытырман оқиғалы қылмысты істерді ашуға құрылған шығарма. Д. ә. сюжеті жұмбақ қылмыс салдарын логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналады. Басты кейіпкер ретінде із кесуші заң қызметкерлері немесе тыңшы, барлаушылар мен қылмыскер алынып, алуан түрлі оқиғалар
арқылы екі жақтың ашық та астыртын қақтығыстарынан соң қылмыс әшкереленеді. Д. ә-тің тууы американ жазушысы Э.По («Алтын қоңыз», «Мария Роженің сыры» (1842 -43. «Ұрланған хат», 1844), ағылшын жазушысы У.Коллинз («Ақ киімді әйел»,»Киелі тас») есімдерімен байланысты. Әлемге әйгілі Шерлок Холмс образын жасаған А.К. Дойл шығарм-ғы Д. ә-ті жаңа белеске көтерді. Бұл үлгідегі әдебиеттің айтулы шеберлері -А.Кристи, Ж.Сименон,т.б. Қазақ әдебиетінде Қ.Исабаев («Ажал құрсауында», «Коменданттың жазбалары»), К.Тоқаев («Түнде атылған оқ») -осы жанрда қалам тартқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *