ДӘУІР

«ДӘУІР» Қазақстандағы ірі полиграфиялық кәсіпорын. Алматы қ-нда орналасқан. Газет-журнал, кітап, т.б. баспа өнімдерін көп данамен басып шығаруға маманданған. 1918 ж. қалалық «Заря свободы» газетінің тұңғыш саны жарық көрген шағын баспахана негізінде 1932 ж. құрылған. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан КП ОК-нің газет-журнал баспаханасы аталып, респ. газет-журналдарды басып шығаратын негізгі өндірістік база міндетін атқарды. 1991 жылдан «Д.» респ. газет-журнал баспасы аталды. Баспа 2000 ж. «Д.» жабық акцион. қоғамға айналды. «Д.» 4 тілде -қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше шығатын 44 газет пен 22 журнал редакцияларына қызмет көрсетеді. Мұнда мерзімді басылымдармен қатар қалың мұқабалы кітаптар, түрлі түсті басылымдар, мектепке арналған өнімдер, көрнекілік құралдары басылады. 1998 ж. Париждеөткен көрмеде үздік өндірістік-технол. көрсеткіштері үшін «Д.» халықар. «Алтын жұлдыз» белгісімен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *