ДӘУТАЙҰЛЫ Несіпбек (30.1.1947 ж.т., Жамбыл обл. Қордай ауд. Кенен а.) -жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1985). 1972 -80 ж. ауд. «Қордай» газетінде тілші,бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары. 1980 -98 ж. Жамбыл обл. «Еңбек туы» («Ақжол») газетінде меншікті тілші. 1998 -2000 ж. «Егемен Қазақстан» газетінің Қырғызстан Республикасындағы меншікті тілшісі, 2001 -2002 ж. ауд. «Қордай шамшырағы» газетінің редакторы. Қазір «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының бас редакторы, «Ақ көгершін»,»Алма ағашының бұтағы», «Әнім сен едің» атты повестердің, «Құдірет пен Қасірет» романының авторы. Таңдаулы көркем шығармаларға арналған респ. жабық бәйгелердің жүлдегері, Ғ.Мұстафиннің 100 жылдығына байланысты үздік әңгімелерге арналған әдеби бәйгенің бас жүлдегері.