ДӘУРЕНБЕКОВ Жақау

ДӘУРЕНБЕКОВ Жақау (21.10.1946 ж.т., Қызылорда обл. Арал ауд. Сар-бастауа.) -жазушы, журналист. ҚазҰУ-ды бітірген (1971). 1965 ж.Арал ауд. «Толқын» газетінде әдеби қызметкер, 1970 -80 ж. «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінде әдеби қызметкер, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, 1980 -93 ж. респ. «Өнер» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1994 жылдан бері респ. «Ана тілі» баспасының директоры. Мектеп қабырғасында жүрген кезден газет-журналдарда мақала, очерк, әңгімелері үзбей жарияланып тұрған. Алғашқы жинағы «Бөгенауыл балалары» 1970 ж. жарық көрген. Онан кейін «No 28 комсомол билеті» (1978),»Шұғыла шақ» (1980),»Ауылым -алтын бесігім» (1985),»Алғашқы сабақ» (1971),»Саяқ» (1979),»Күн ұясы» (1984),»Бір нәзік сәуле» (1989),»Айтыңыз құпы болсын» (1993),»Алты ата әлім» (1992),»Менің елім -Қазақстан», «Сөз киесі» (1996) кітаптары жарық көрген, «Күн ұясы»,»Саяқ» повестері респ. дәстүрлі жастар мен балаларғаарналған «Жалынның» сыйлығына ие болды. «КСРО баспасөзінің үздігі» белгісімен. Қазақстан Жоғ. кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Бірнеше дүркін Қазақстан Журналистері одағы сыйл. лауреаты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *