ДӘУЛЕТБАЕВ Мәжит

ДӘУЛЕТБАЕВ Мәжит (Ғабділмәжит) Боранбайұлы (1900. Қызылжар -1938) -жазушы, ақын, драматург. 1904 -12 ж. Хасан Пономарев медресесінде мұсылманша, Шығыс әдебиеті үлгісінде, онан кейін Сухотин екі сыныптық уч-щесінде орысша білім алады. 1918-21ж. ауылдық мектептерде мұғалім, 1921-25 ж. «Бостандық туы» (Қызылжар) газетінде әдеби қызметкер болды. 1922 -24 ж. Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік ун-тінде оқиды. «Еңбекші қазақ» газетінде әдеби қызметкер болып істеді. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан Жазушылародағындақызметатқарған. 1920 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан», «Еңбекші қазақ», «Бостандық туы», т.б. газет, журналдарда өлең, очерк, фельетон, сын мақалалары үздіксіз жарияланып тұрды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1928 ж. жарық көрген. «Жүректен» (1932),»Толқында» (1933), Социализм жыры» (1933) шығармалар жинақтары басылып шықты. Драматургия жанрында да еңбек етіп,»Сұрқақпайлар» (1930) комедиясын жазды. 1933 ж. «Партизан Алпысбай» повесі (1935 ж. -орыс тілінде), 1935 ж.» Партизандар» кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылды. Д-тың үлкен еңбегі -«Қызылжар» трилогиясының 1-кітабы 1935 ж. жарық көрді. Романның 1-, 2-, 3-кітаптары аяқталмай қалған. Д. көркем аударма саласында жемісті еңбек етті. Ол ағылшын драматургі У.Шекспирдің Гамлет» (1927),орыс жазушысы Н.В. Гогольдің «Үйлену» (1923), неміс жазушысы Э.М. Ремарктің «Күнбатыс майданында бір қалыпты» (1930) пьесаларын, орыс жазушылары Г.И. Серебрякованың «Маркстің жастық шағы» (1934), Н.С. Тихоновтың»Соғыс» (1935),А.С. Серафимовичтің «Темір тасқын» (1935) романдарын, орыс ақыны А.С. Пушкиннің көптеген өлеңдері мен «Мыс салт атты» поэмасын, т.б. шет ел әдебиеті шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *