ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ

ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ -әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады. Жаңашылдық -өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Д. мен ж. -диалектикалық бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістіңбазисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Д. мен ж. арасындағы заңды байланыс -материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық -әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Д. мен ж. әдебиетте,өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңазаманныңталап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туа-ды. Бүл түрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл -әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Д. мен ж. тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмүнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Қазақ поэзиясына Абай Құнанбайұлы енгізген жаңашыл үлкен дәстүр болып қалыптасты. Абай қазақ поэзиясын әсіре шешендіктен, әсіре бояудан құтқарып, терең ойлылықты арттырды. Ол ақын орнын, оның қоғамдық, әлеум. мәнін танып, көркем сөзді жоғары сатыға көтерді, ауызәдебиетініңдәстүрінде келе жатқан поэзияны түрлендіріп, жаңа арнаға салады. Мыс., «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде: «Адасқан күшік секілді, Ұлып жұртқа қайтқан ой» дегенде тынымсыз, мазасыз ойды, жабырқау көңілдің суретін «адасқан күшікке» балайды. С.Сейфуллин қазақ әдебиетіне, соның ішінде поэзияға жаңа леп, жаңа серпін әкелді. Қоғамдағы тың өзгерістерді экспресс түрінде суреттеді («Экспресс»). С. Мұқанов поэзиясы («Бостандық») өлең түрі жағынан ескіше болғанмен, идеялық мазмұны, тілек-мақсаты жағынан жаңа. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов өз шығармаларында шешендік дәстүрді шебер пайдалана отырып, үлкен жаңалық әкелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *