ДӘСТЕМ Қарабасұлы

ДӘСТЕМ Қарабасұлы (1677. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Гүлтөбе қонысы -1752, Ресей, Қорған обл. Петухово ауд. Өзентал қыстауы) -ақын, күйші, Толыбай сыншының немересі, Қарабас батырдың үшінші ұлы.Ауыл молдасынан сауат ашқан. Д. өлең-жыр шығарып, ән салу, сыбызғы, домбыра тарту өнерін медреседе жүргенде тастамай, жетілдіре берген. Ел арасында сыбызғымен күй тартып, домбырамен ән шырқап, өлең-жырлар шығарып, сал-серілік құрғандықтан, ақын Д., әнші Д., сал Д., сері Д.,жыршы Д. атанады. Д. 17 ғ-дың соңы мен 18 ғ-дың 1-жартысындағы қазақ-калмақ соғысына қатысқан.»Хан -сұжандар», «Бозқозыұлы Бөкенбай», «Дәстемнама» тарихи дастандар, Гүлжаһан», «Майдан», «Ақбоз ат» деген әндер, «Шайқас», «Жекпе-жек», «Ақиық», «Шыжым», т.б. күйлер шығарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *