ДАНИЯЛ Ыскақов

ДАНИЯЛ Ыскақов (1897, Шығ. Қазақстан обл. Шыңғыстау өңірі -1945,Ресей, Карелия) — әдебиетші, сыншы, аудармашы, қоғам қайраткері, Абайдың немере інісі Кәкітайдың ұлы. Семей орыс-қазақ мектебінде оқыған. Ташкент Орта Азия ун-тін бітірген (1927). Осы ун-тте оқып жүріп, бала кезінен досы М.Әуезов екеуі қазақ балаларынаарнап «Наш аул» деген әліппе құрастырады. Д-дың қазақ тілінде «Өзбекстандағы қазақ балаларына арналған жаңа әліпби» атты көлемді еңбегі 1926 ж. Ташкентте жарық көрген. Д. 1924 ж. Әуезовтің «Бәйбіше-тоқал» драмалық
шығармасына талдау жасаған сын мақала жариялады («Сана», No 2 -3). Бұл мақала қазақ әдеби сынының алғашқы үлгілерінің бірі болып табылады. Д. -В.Гаршиннің «Төрт күн» (1924), А.Чеховтың» Үлкен бағбанның әңгімесі» (1924) шығармаларын, өзбек жазушысы Абдулла Қаһардың әңгімелерін «Дүние жасарады» (1934) деген атпен, Р.Ролланның «Жан Кристофор» (1937) романынан үзінді аударып, бастырып шығарады. 1937 ж. жалған саяси жала жабылып, Карелияға жер аударылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *