ДАБЫЛОВ Молдахмет (1893,Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Қашқансу өңірі -18.12.1946,сонда) -жырау. Даңмұрын ақынның шәкірті болған. «Көрұғлы» дастанының бірнеше саласын жатқаайтқан. Д. Сыр бойы ақындарының жыр,толғауларын домбыраға қосып жырлаған. 1917 ж. Шәкейсал Дәруішқызының жұмбақ айтысына қатысқан. 1944 -45 ж. Т.Үркімбаевпен айтысқан. Д. «Қашқансу -туған жерім»,»Дана ақын Даңмұрын»,»Нартай ақынға»,» Шаһнаманы оқығанда»,т.б. өлеңдерін,»Шыбық қыз», «Сарғасқа атты Келмембет» дастандарын жазған. 1945 ж. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1993ж. Қызылорда обл. Қармақшы ауданында ақынның 100 жылдық мерейтойы аталып өтіп,аудандағы көшенің біріне Д. есімі берілді.