ҒЫЛЫМИ-КӨПШІЛІК ӘДЕБИЕТ, ғ ы л ы м и -т а н ы м д ы қәдебиет -белгілі бір ғылым туралы, сол ғылымды дамытқан ғалымдар жөнінде жазылған шығармалардың жалпы атауы. Ғ.-к. ә.. негізінен, сол саланың маманы емес адамдарға түсінікті тілмен жазылады. Тақырыбы жағынан ғалымдар ғұмырнамасын, іргелі және қолданбалы ғылымдар саласын, жиһанкездер саяхатын, т.б. қамтиды. Ғ.-к. ә. ғылымның жетістігін көпшілік қауымға насихаттаушы. Ежелгі Рим ойшылы К. Лукрецийдің (6.3.6. 1 ғ.) «Заттың табиғаты» және М.В. Ломоносовтың «Шынының пайдасы туралы хаты» осы бағытта жазылған шығармалардың алғашқылары. Кейін орыс баспагерлері Ф.Ф. Павленконың (1839-1900) «Пайдалы білімдердің кітапханасы», В.В.Лункевичтің «Ғылыми-танымдық кітапханасы», «Тамаша адамдар өмірі», т.б. елеулі еңбектер жарық көрді. Қазақ тілінде жарық көрген «Өнегелі өмір» сериясын, «Негеш», «Шаңырақ» энциклопедияларын осындай еңбектер санатына жатқызуға болады.