ҒҰМАР ҚАРАШ (1875. Бат. Қазақстан обл. Жәнібек ауд. -12.4.1921, сонда) -ақын, қоғам қайраткері. Ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. 1902 -11 ж. өз ауылында бала оқытады. 1911-13 ж. «Қазақстан» газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары Шәңгерей Бөкеевтен орыс тілін үйреніп, орыс, Еуропа елдерінің көрнекті шығармаларымен танысқан. 1918 ж. Ордадағы пед.техникумдасабақберген. Қазақтыңтұңғыш пед. журналы «Мұғалімге» басшылық етеді, осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. 1920 ж. Бөкей губаткомында бөлім басқарады. Алғашқы туындылары «Алаштың азаматтарына», «Неден қорқам?», «Күн туды» деп аталады. Ғ. Қ. 1910 -1912 ж. Орын-бор қ-нан Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, «Шайыр», «Көксілдер» атты екі жинақ жариялаған. «Бала тұлпар»(Уфа, 1911), «Қарлығаш» (Қазан,1911), «Тумыш» (Уфа, 1911). «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914), «Тұрымтай» (Уфа,1918) поэзиялық,»Ойға келген пікірлерім» (Орынбор, 1910),»Өрнек» (Уфа, 1911), «Бәдел хажы» (Қазан,1913) кітаптарының авторы. Ғ. Қ.-20 ғ-дың бас кезіндегі «Қазақ дұрыстығы», «Қазақстан», «Айқап», «Дұрыстық жолы»,»Шора», «Абай»сияқты газет,журналдарда»Бұл қай заман?», «Тіршілік таласы», «Тәнсіз жан жоқ»,»Жастарға», «Әрине, күнелту керек»,»Ұлт және туған тіл», «Әсер», Қазақтар хақында»,Әйелдер хақында»,»Заң мәселесі», «Жүгенсіздік
адамға жол ма еді?», т.б. мақалаларын жариялаған. Ғ. Қ. шығармаларын «Ғұмар Қараш баласы», «Ғұмар Қарашұлы», «Ахунд Ғұмар Қарашұлы», «Ғұмар әл-Қараши»,»Бөкей елінің бір баласы», «Ғұмар Қараш», «Ғ. Қ.», «Ғ.Мұштақ», «Ғабдолла Мұштақ»,»Оразақай», «Қазақаев», «Ғұмар Қарашаев» деген аттармен жариялап отырған. 1921 ж. 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде ақ бандылар қолынан қаза табады.Ғ. Қ. шығармалары кеңестік дәуірде 30-40 ж. орта мектеп оқулықтарында. орыс тілінде жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1958) мен «Қазақстан ақындары» (Ленинград. 1978) жинағында мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, өлең, толғаулары және әңгіме, мақалалары шыққан (Замана. А., 1994)