ҒАЗЕЛ

ҒАЗЕЛ -парсы-тәжік және түркі тілдес халықгар поэзиясында орта ғасырларда ерекше дамыған, кемі үштен он екіге дейін бәйіттен тұратыншағын лирикалық өлең. Ұйқас түрі а а, ba, с а, d, а,т.с.с. болып келеді. Екі жолдық бәйітпен өріліп,соңғы бәйітте,көбінесе,автордың поэтикалық есімі (тахаллус) беріледі. Негізгі мазмұны -махаббатсезімін жырлау болып келеді. Сәтті, сәтсіз махаббат күйі шертіледі. Ғ-дің айтулы шеберлері -Низами, Сағди, Хафиз, Жәми, Науаи, т.б. Ғ. жанры кейін Бат. Еуропа әдебиетіне де көшкен. Неміс поэзиясында (И.Гете, Ф.Боденштед, А.Платен), орыс
әдебиетінде (А.Фет, В.Брюсов, В.Иванов, М.Кузьмин) Ғ. жанрында өлеңдер жазылды. Алайда, Ғ. таза шығыстық стильді талап ететіндіктен, Бат. Еуропа ақындарының шығармалары поэтикалық тәжірибе, стильдік еліктеу түрінде болды. Түркі халыкгарының кейінгі поэзиясындада Ғ. жанрында жазылған шығармалар бар. Мыс., түрік әдебиетінде Шейһ Галип, Яхуа Кемал, қазақ әдебиетінде Ақан сері, Әсет, т.б. ақындар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *