ГАЗЕТ (итал. gazzettaбазар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) -мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Г-тердің арғы тегі ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтары, сарай ақпарлары, жарналық мағлұматтардан бастау алады. Орта ғасырларда сауда орындары ресми ақпарат алмасу орталықтарына айналды. Мыс., 16 ғ-да Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылған. Олар арнаулы ақпараттарын «газета» деп аталатын тиынға сатып, қор жинаған. 1631 ж. француз М.Ренадо «La gazzette» мерзімді басылымын шығаруына байланысты «Г.» термині осы заманғы мағынасында тұрмыста кең қолданыла бастаған. Қазақстандағы кззақ тіліндегі тұңғыш Г-тер «Түркістан уәлаятының газеті» (1870-82), «Дала уәлаятының газеті» (1888 -1902) болып есептеледі. Осы басылымдардың
әсерімен қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралықсананы оятуға ұмтылған «Серке»(1907), «Қазақ» (1913 -18),т.б. Г-терді шығаруды қолға алды. Сонымен қатар «Сарыарқа» (1917),»Көмек» (1919-20),»Тілші»(1921), «Ақжол»(1920-26), демократиялық бағытты ұстанған «Қазақстан» (1911 -13),1919 жылдан төңкерістен кейінгі еңбекшілер өмірін,жаңа бетбұрысты жариялап тұрған «Қазақ тілі»,1935 жылдан орта мектеп мұғалімдері менпед. жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Төте оқу» (қазіргі «Қазақстан мұғалімі») Г-тері халық танымын кеңейтуге өз үлестерін қосты. Қазіргі кезде елімізде 150-ге тарта Г-тер шығады. Олар саяси көзқарасы мен ұстанымына қарай шартты түрде: р е см и жәнетә уел сіз;меншіктік пішініне орай мемлекеттік, партиялық, қоғамдық, даралық (арнаулы),жеке меншік; шығу мерзіміне орай күнделікті және апталық; сондай-ақ,аймақтық принцип бойынша республикалық,облыстық, қалалық, аудандық Г-терге сараланады. Бұл газетгерде мемл жарғылар, конституциялық заңнамалар, әлеум.-қоғамдық жаңалықтар, спорт жаңалықтары. қоғам қайраткерлерінің ой-толғамдары,жекелеген қаламгерлердің туындылары, ол туындыларға сыни пікірталастар жарияланып тұрады. «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», » Түркістан», «Әдебиет айдыны», «Жас қазақ» Г-тері қоғамдағы әлеуметтік. әдеби құбылыстарды өткір жазып жүрген басылымдар санатында. Қазір республикамызда 1327 Г. шығарылады (2005).