ВАСИЛЬЕВ Александр Васильевич

ВАСИЛЬЕВ Александр Васильевич (23.2.1861, Татарстан, Қазан губ, Чебоксар уезі Шутнерев с. -23.10.1943. Қазан қ.) -қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші,миссионер. Алғашында Чебоксар діни уч-ще-сінде,кейін Қазанның діни академиясында (1882 -86) оқыған. Орынбор діни семинариясында дәріс берген. 1889 -94 ж. Торғай обл. халық мектептерінің инспекторы, 1894 -96 ж. Торғай обл. басқармасының кеңесшісі,1896-1906 ж. «Торғай» газетінің редакторы,1906 -09 ж. Торғай және Орал облыстарында оқу инспекторы, 1909-11 ж.Симбирск. 1911-17 ж. Қазан губернияларындағы халық уч-щелерінің директоры қызметтерін атқарды. 1923 ж. Қазанға қоныс аударғанға дейін Чебоксар уезінде оқу-ағартушылық жұмыспен айналысқан. В. қазақ халқының ауыз әдебиеті, тілі жөнінде көптеген зерттеулер жүргізген. В. жинаған бірнеше қазақ ауыз әдебиеті үлгілері «Торғай» газетінде жарық көрген. В. Торғайдағы ағарту ісінің тарихымен,өмірінің соңғы жылдары нумизматикамен шұғылданды. Қазақ мектептерінде пайдаланылатын орыс тілі оқулықтарын жазды. Онда қазақ балаларын орыстандыру мақсаты айқын көрінеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *