БІРЫҢҒАЙ ҰЙҚАС

БІРЫҢҒАЙ ҰЙҚАС (монорим. французшадан -monorime) -өлеңді түгелдей бір ұйқасқа құру, немесе, ұйқасты көптеген тармақтарда өзгертпей, сақтап отыру. Қазақ поэзиясында Б. ұ-тың өзіндік өзгешелігі, дәстүрі бар. Бұл тәсіл жырда үнемі қолданылатын бір ұйқасты (желілі ұйқас) айнытпай ұзақ сақтау үлгісімен жалғас келеді. Ал өзгешелігі -ұйқас тармақтардың ара-арасында ұйқассыз тармақтар қалып отырады. Және бір ұйқас көптеген тармақтарда қайталанады да ұйқасатын сөздерде ешбір жасандылық болмай,әдейілеп тізіп үйлестіргендей көрінбей, ұйқас сөздер мейлінше еркін алынып,өзінің табиғи келісімімен үндесіп жатады. Бастан-аяқ бір ұйқасты шеберлікпен келісті қолданудың үлгісін Абайдың «Ішім өлген,сыртым сау» атты өлеңінде көреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *