БІРІМЖАНОВ Ғазымбек

БІРІМЖАНОВ Ғазымбек (1896. бұрынғы Ақтөбе обл. Торғай уезі, Тосын болысы -19.3.1938. Мәскеу)-қоғам қайраткері, қаламгер. Орынбор реалды уч-щесін. Орта Азия мемл. ун-тінің дәрігерлік ф-тін бітірген. Алашорда атынан Колчак үкіметімен келіссөз жүргізуге қатысып, Алашорданың Башқұрт үкіметі жанындағы уәкілі қызметін атқарған. 1921 -22 ж. «Ақ жол» газетінде редактор болған. Мақалаларын «Шеген» (би болған бабасының есімі) деген бүркеншік атпен жазған. 1922 ж. күзде Т.Рысқұловтың қолдауымен Б. бір топ Түркістан жастарымен бірге Германияға оқуға барады. 1928 ж. Берлин ун-тінің а, ш. ф-тін бітірген. Сол жылы Мәскеуге оралғанда Алашорда қайраткерлерімен бірге тұтқындалып,Карелиядағы Медвежегорск қ-на 10 жылға жер аударылады. Тұтқында жүрген оларды Кеңес өкіметі Ақ теңіз -Балтық каналының құрылысына жұмысқа салады. Б. 1937 ж. қайтадан саяси қуғын-сүргінге үшырап, ату жазасына кесіледі. 1988 ж. 4 қарашада ақталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *