БІРЛІК

«БІРЛІК» -1914 жылы Омбы қ-нда құрылған қазақ жастарының ұйымы. Оның мүшелері қатарында А.Сейітов, М.Жұмабаев, С.Садуақасов, А.Баржақсин, Ш.Әлжанов, Б.Байділдин, А.Сейдалин, Қ.Кемеңгеров, Ғ.Тоғжанов, Д.Әділов, О.Темірбеков, т.б. болған. «Б.» қазақ халқының мәдениетін, өнерін, әдебиетін көтеру арқылы оның ұлттық санасы мен сезімін оятуды мақсат етті. Осы мақсатқа жету үшін ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, оларды бастырып шығаруды, ауыл мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді, қаражатқа мұқтаж оқушыларға көмек ұйымдастыруды қолға алды. 1916 ж. «Балапан» атты қолжазба журнал шығарды. 1917 ж. 1-4қазан аралығында ұйымның жиналысы өтіп, онда ұйым мүшелері Алаш партиясына қолдау көрсететіндіктерін білдіріп, халықарасында оның бағдарламасын насихаттауды өз мойнына алды. «Б.» ұйымы мүшелері 1918 ж. барлық қазақ жастарын біріктіру үшін құрылған «Жас азамат» ұйымының құрамына енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *