БІРЖАН -САРА АЙТЫСЫ

«БІРЖАН -САРА АЙТЫСЫ» -айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. 1871 ж. қазіргі Алматы обл-ның Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысы» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхысыламұлы жариялаған. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, «Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны» деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылған. Айтыстың алғашқы нұсқасы -969 жол, 2-нұсқасы -1080 жол. Әріп Тәңірбергенұлы жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрген. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет шықса, Кеңес үкіметі тұсында он бір рет жарияланған. «Б. мен С. а.» атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақәдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Айтыс негізіндегі Қ.Жұмалиевтің либреттосы бойынша М.Төлебаев «Біржан -Сара» операсын жазды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *