БҰЙРИН Елеусін

БҰЙРИН Елеусін (1874. Бат. Казақстан обл. Жаңақала ауд. -1933. Тәжікстан Респ., Душанбе) -ақын, қоғам қайраткері. Бөкей ордасындағы Жәңгір хан мектебінде оқыған. Қазан мұғалімдер семинариясын бітірген (1896). Семинариядан кейін Астраханға келіп,мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. Б.қазақ зиялылары Ш.Бөкеев, Ғ.Қарашев, Б.Қаратаев, М.Шомбалов, С.Меңдешев, т.б. бірігіп,1911 ж. Ордада «Қазақстан» деген газет шығарып,1911 -13 ж. газеттің редакторы болады. Ол «Қазақстан» сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізді. 1920 жылдарға дейін Б. туған жерінде түрлі қызметтер атқарған. 1921 ж. мамырда Бөкей губ. кеңестер 1 съезіне делегат болып қатысқан. Жиырмасыншы жылдардың орта шенінде адвокат,кейінірек Қазақ АКСР Ағарту халкомында қызмет істейді. 1930 -32 ж. Алматы қ-ндағы Орталық мұражайдың ғыл. қызметкері болған. 1932 ж. елде саяси қуғын-сүргін басталып,қазақ зиялылары ұсталған тұста. Б. күзге салым Тәжік АКСР-не Душанбе қ-на қоныс аударып, Тәжікстанның Орталық мұрағат басқармасына инспектор болып қызметке орналасады. Алайда Б. НКВД-нің құрығынан құтыла алмайды. 1933 ж. 16 сәуірде қызметінен қуылып, көп ұзамай аштықтан дүние салады. Б-нің» Казақстан» газетіндегі мақалалары мен көсемсөздері және «Ызың» өлеңдер жинағы жарық көрген. 1998 ж. Орал қ-ндағы бұрынғы типография үйіне (Чапаев, 39) Б-ге арнап ескерткіш тақта қойылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *