БҰЛҚЫШЕВ Баубек (1916. Қарағанды обл. Ұлытау ауд. -1944,Украина, Днепропетровск обл. Софьевск ауд.) -жазушы. Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген (1935). Алматы сауда-қаржы техникумындаоқиды (1937). 1939 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі болған. 1940 ж. Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да, Мәскеу әскери уч-щесінде оқиды. Оның «Алматы -менің туған қалам» дегенбітпей қалған романы мен «Айсұлу» поэмасы бар. Б-тің 1942 ж. 1 мамырда «Комсомольская правда » газетінде «Өмір мен өлім туралы» (Жас қазақ әскерінің хаты) мақаласы жарық көрген. Соғыс кезінде жазған шығармаларының дені «Комсомольская правда» газетінде шыққан. Б-тың «Я хочу жить», «Жизнь принадлежит нам»,»Коварство и любовь», «Письмо сына Востока», «Слушай, Кавказ», т.б. мақалаларын Ғ.Мүсірепов қазақ тіліне аударып, респ. «Соц. Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жариялаған.