БҰҚАР ЖЫРАУ Қалқаманұлы

БҰҚАР ЖЫРАУ Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында -1787,сонда) -әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы-биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш,тілегімен түсін болжап,онысы дәлме-дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман -батыр болған. Б. ж-дың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Б. ж. өзінің ұзақ ғұмырында, талай-талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды…» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған.
Толғауларында сол тұстағы к өкейкесті мәселелерге жауап іздеп,соның жоқшы-жыршысы болған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып,оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған. Абылайдың әдеби бейнесін жасауға елеулі үлес қосқан. Жыраудың бізге жеткен мұрасын насихат толғау,арнаутолғау,болжау толғау деп үш топқа бөлуге болады. Насихат толғауларында жырау адам санасын тәрбиелеу мақсатында өмірлік құбылыс пен адамдар арасындағы әр алуан қарым-қатынастар туралы өзінің түйген ойларын ұсынған. Сол себепті бұлардың моральдық,этикалық сипаты басым келеді.Арнау толғауларында ханның саясаты мен ел басқару ісіне өз катынасын айқын білдірген. Б. ж. Абылайдың іс-әрекетін асыра мақтап, оның асқақ бейнесін жасауға дейін барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *