БҰДАБАЙ Қабылұлы (1842, Қызылорда обл. Шиелі ауд. -1912, сонда) -ақын. Б-дың алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш қызбен айтысынан басталады. Б. шығармаларын жазып қалдырған. Ақынның «Әйекені жоқтау» деп аталатын жыры ел арасында кең тараған. Жыр Я.Лютшьтің Ташкент қ-нан шығарған»Киргизская хрестоматия» жинағына енген, кейін Ә.Диваев бұл жоқтаудың толығырақ нұсқасын экспедиция жинағында бастырған. Б-дың «Әлмембетке», «Әжібай мен Торғайға», «Аппазға», «Өзім жайлы», «Көңіл туралы», «Өмір туралы», т.б. өлеңдері, «Әшірдің баласы Сыздықты жоқтау», «Әлмембеттің жалғыз баласы өлгенде» жоқтаулары сақталған. Жырлары «Ғасырлар толқыны» (2004) жинағына енген.