БҮҒЫБАЕВА Қанипа Әбдірахманқызы

БҮҒЫБАЕВА Қанипа Әбдірахманқызы (19.3.1942. Алматы обл. Жансүгіров ауд. Ақын Сара а. -22.12.2004. Алматы) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1983). 1960 -63 ж. ауылда мәдениет үйінің меңгерушісі. 1963 -64 ж. Нарынқол ауд. халық театрында қызметкер. 1980 -87 ж. Алматы обл. Жамбыл ауд-нда автоклуб меңгерушісі,1988 -90 ж. өлкетану музейінде ғыл. қызметкерболып жұмыс істеген. 1990 жылдан шығарм. жұмыспен айналысқан. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»),»Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жарияланған. Ондаған жыржинақтарыныңавторы.»Чудесный сад» кітабы орыс тілінде жарық көрген (1980). Қазақстан Жоғ. Кеңесінің грамотасымен марапатталған (1962). Халықар.»Алаш» әдеби сыйл. лауреаты (2003).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *