БУНАҚ -өлең жолының ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі. ырғақтық пауза (кідіріс). Өлеңнің әр жолы екі, үш. төртбуынды Б-тарға бөлінеді. Мыс.,он бір буынды өлең жолы үш Б-тан тұрады. Қалың елім қазағымқайран жұртым (Абай). Сондай-ақ,жеті буынды тармақ екі Б-тан,бұдан аз буынды тармақтар бір Б-тан тұрады. Б-қа жіктелу түркітілдес халықтар поэзиясына, соның ішінде қазақ өлеңіне тән құбылыс.