БӨПЕЖАНОВА Әлия

БӨПЕЖАНОВА Әлия (4.12.1952 ж.т.. Жамбыл обл. Сарысу ауд. Саудакента.) -сыншы. Қыздар пед. ун-тін (1973). ҚазҰУ-дың аспирантурасын бітірген. 1973 -75 ж. Сарысу ауд. Жайлаукөл орта мектебінде мұғалім,(1975 -79 ж. «Қайнар», «Жалын» баспаларында редактор,1980 -2001 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші,бөлім меңгерушісі. 2001 -03 ж. «Алтын Орда» апталығының Алматыдағы тілшілік бөлімінің жетекшісі қызметтерін атқарған. 2003 жылдан «Хабар» агентгігінде сарапшы-редактор. Алғашқы сын мақалалары 1980 жылдан «Жұлдыз» журналы,»Қазақ әдебиеті»
газетінде жарияланған. Бірнеше мақалалары «Уақыт және қаламгер»,»Сөзстан», «Жастар жастар туралы» жинақтарына енген. «Өрнектер» (1991),»Дүние -имани құбылыс» (2001),»Парасат падишасы» (1998),»Болмыспен бетпе-бет» (2001) кітаптарының,»Кек» драмалық жобасының (2001) авторы. Орыс жазушысы И.Ракшаның «Қайран, дүние» повестер жинағын (1985). А.Лауринчюкастың «Соңғы аманат» (1987),Р.Солнцевтің «Мұнар да мұнар,мұнар күн» (1989) драмаларын, Е.Замятиннің «Еділ патша» («Аттила») 1996) трагедиясын, В.Смеховтың «Әлі баба және қырық қарақшы» (1998) мюзикліын қазақ тіліне аударған. Халықар. «Алаш» сыйл. лауреаты (2002)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *