БӨКЕЙХАНОВ Әлихан Нұрмұхамедұлы (25.3.1875, бұрынғы Семей обл. Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы, 7-а. -27.9.1937. Мәскеу) -қоғам және мемлекет қайраткері. Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Жасынан зерек, алғыр өскен Б-ты әкесі Қарқаралыдағы жергілікті молданың қолына оқуға береді. Кейін қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. 1879 -86 ж. Қарқаралы қ-ндағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. Омбыдағы тех. уч-щені бітіреді (1890). 1890 -94ж.Санкт-Петербургтегі Орман ин-тының экономика ф-тінде оқыды. Ин-ттан кейінОмбыда орман ш. уч-щесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасады. «Степной край» газетінің редакциялы қалқасының мүшесі болады. 1896 -1903 ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Осы жұмыста оның саяси көзқарасы өзгерді. Б. 1905 ж. қарашада Мәскеуде өткен земство және кала қайраткерлерінің съезіне қатысып,қазақ халқының тіл, сайлау,дін. т.б. бостандықтары мәселесін көтерді. Ол осы жылы «Халық бостандығы» (конституциялық-демократиялық) партиясының мүшелігіне,1906 ж. оның ОК-і құрамына енді. Б. IМемл. думаға Семей обл. қазақтары атынан депутат болып сайланды. 1906 ж. Омбыда шығатын кадеттік Толос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде,1908 ж. Петербургте жарық көрген меньшевиктік»Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово»газеттерінде редакторлық қызметатқарды. Сол жылы Самараға жераударылып,1909 -17 ж. Дон егіншілік банкі бөлімшесінде жұмысістеген. 1912 -17 ж. Кадетгер партиясы ОК-нің мүшесі болды. «Қазақ»газетін ұйымдастыруға оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуінезор еңбек сіңірді. 1917 ж. Уақытшаүкіметтің Торғай обл. комиссары және Түркістан к-нің мүшесіқызметіне тағайындалды. Б-тыңжетекшілігімен 1917 ж. шілдеде 1-жалпықазақ съезі өткізіліп. «Алаш»партиясы құрылды. Б. пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы мен ұйымдастыруы бойынша 1917 ж. 5-1 3желтоқсанда Орынбор қ-нда қазақ мемлекетгігі туралы мәселе қараған2-жалпықазақ съезі болды. Съездқазақ облыстарын бүліншіліктенсақтау мақсатында уақытша ҰлтКеңесін құрып,оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады.25 орыннан түратын бүл үкіметтіңтөрағасы болып көпшілік дауыспен Б. сайланды. Алашорда үкіметі күшпен таратылған соң,ол 1920 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халықкомиссариатыколлегиясыныңмүшесі. 1922 ж. РКФСР Ұлттар істері жөніндегі халық комиссариаты (Мәскеу) жанындағы Орт.баспаның ғыл. кңзметкері, 1926-27 ж. Ресей ҒА-ның ғыл. қызметкері қызметтерін атқарған. 193-7 ж. 27 қыркүйекте КСРО Жоғ. соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілді. Б. -соңында мол мұра қалдырған ғүұама ғалым. Б-тың тарих саласында жазып қалдырған «Исторические судьбы Киргизскакого края
и культурные его успехи» атты алғашқы еңбегі 1903 ж. «Россия. Полное географическое описаниенашего отечества» деген көптомдық альманахтың 17-томына еніп,Санкт-Петербургте жарық көрді. «Киргизы» атты еңбегі алғаш рет «Формы национального движения в современных государствах» атты жинақта 1910 ж. Санкт-Петербургте басылып шықты. Ғалым қазақтың қой ш. жайында сүбелі еңбек жазып шықты. Бұл еңбек Б-тың өзі қатысқан экспедицияның басқа материалдарымен бірге» Материалы по экономическому обследованию районов Сибирской железной дороги» деген 3 бөлімнен тұратын кітап болып 1904 ж. Томск қ-нда басылып шықты. Б. ауыз әдебиеті туындыларын жинауға көп үлес қосты. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тұңғыш жинағын редакциялап,жинақтың 1909 ж. Санкт-Петербургте басылып шығуына қол ұшын берген. Б-тың кейінгі үр-паққа қалдырған әдеби мұрасының ең көлемдісі -көркем аударма Аудармаларының ішінде орыс жазушыларының Л.Н. Толстой, А.П. Чехов,В.Г. Короленко,Д.М. Мамин-Сибиряк шығармаларымен қатар,Еуропаның қаламгерлері,сондай-ақ, үнді,түркі тілдес халықтардың әдеби шығармалары бар. Б. қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған публицист. Оның мақалалары Санкт-Петербургтің «Сибирские вопросы»,»Биржевые ведомости», «Новая жизнь» басылымдарында жиі жарияланып тұрған. Ол халықтың сана-сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын бағалай білген.