БӨКЕЕВ Шәңгерей Сейіткерейұлы (1847. Бат. Қазақстан обл. Ордақ.-1920. Бат. Қазақстан обл. Ақбақай елді мекені) -ақын. Ерте жетім қалып, ағаларының қамқорлығымен білім алған. Астрахан гимназиясында. Орынбор кадет корпусында оқыған. Өлеңдері «Шайыр», «Көкселдір» (1911 -12), «Жиырма үш жоқтау» (1926) жинақтарына,»Үш ғасыр жырлайды»,»Бес ғасыр жырлайды» топтамаларына енген. Жеке жинағы 19-34 ж. жарық көрген. Б. -классик,шығыс әдебиетінен, еуропа, орыс әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған білімдар ақын. «Өмірдің өтуі»,»Ғылым», «Эдисон», т.б. өлеңдерінің авторы. Б. ел аузындағы әдеби мұралардыжинап,оның басылып шығуына қамқорлық жасаған. Оралда «Қазақстан» газетін шығаруға үлкен үлес қосқан. М.Ю. Лермонтовтың «Қашқьш» поэмасын, т.б. орыс ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.