БӨЖЕЕВ Мұратбек (20.3.1910, Шығ. Қазақстан обл. Шұбартау ауд. No1а. -4.11.1980. Алматы) -ғалым,филол. ғыл.докт. (1973). Семей пед. техникумын (1925). Мәскеу пед. ин-тын (1932) бітірген. 1934 -41 ж. ҚазҰПУ мен ҚазҰУ-да оқытушы, сонымен бірге КСРО ҒА Қазақ филиалының кіші ғыл. қызметкері. 1957 -62 ж. Тіл және әдебиет ин-тының кіші ғыл. қызметкері, 1962 -74 ж. М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайында аға ғыл. қызметкер. 1974 -80 ж. Әдебиет және өнер ин-тының ғыл. қызметкері болып қызмет істеген. М.Әуезовтің 12 томдық шығ. жинағын дайындауға. ғыл. түсініктерін жазуға ат салысқан. «Құрмет белгісі» орденімен,»Еңбектегі ерлігі үшш» медалімен марапатталған.