Өрге қарай көш түзеді өр елің

Өрге қарай көш түзеді өр елің,
Өңез заттан теріс қарап өренің.
Көрді сонда бас көтерген Төлеңгіт,
Өздеріндей пенде екенін Төренің…
– Алла! Қара: «танисың ба бізді?» – деп,
Сол заманда той-тамаша қызды кеп,
Берді ме екен Бекежандай жау тауып
Қайда барсаң – сонда барған Қыз Жібек?
Тап жауына қабағыңды суытып,
Қағып өттің кісі көрмей мұны түк.
Үлестірдің аққуларға жыр-шашу
Қарқылдаған қарға барын ұмытып!
Күл-көмешке тиіп едің бүліктей,
Өр талғамың өңезбенен кірікпей.
Айнакөлде жатып алды мамырлап,
Сен келгенде… аққулар да үрікпей…
Сен жаһанның жасыны едің жат үшін,
Бір болса да Шығысың мен Батысың.
Ғаламның бар қарғалары жиналып,
Аңдып жүріп тапты ма екен қапысын…
Сауалым бір Сталинге – Атама,
Ел құлағы – елу: өсек жата ма;
Қарға біткен қарқылдады екен деп
Айнакөлдің аққуларын ата ма?
 
Талақ қылып тарпаң сұмның жыртылын,
Еске алайық сол кезеңнің зіркілін:
Бір жағы – май, бір жағы у ұртының –
Пенделердің біледі әлем құлқынын;
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *