..Біраз жыл өткен қайырлы. Тағы бір дақпырт жайылды:
– Келіңдер! Тойға шақырам бәріңді, беттен сүйем де!
Падиша Клеопатра тигелі жатыр күйеуге!
– Құлақ түр, қане, бар фәни! Естисіңдер ме, кереңдер?!
Күйеуі – арыс Антоний!
Цезарьдан асқан кемеңгер!
Думан той кеулеп алапты ертең де, бүгін, кеше де,
Көшеде аққан шарапты
Үлгермей құйып кесеге,
Шулайды құлдар бақыра:
– Күнәміз болса кеш! – дейді.
– Құдай ғой – Клеопатра! Құдайлар қателеспейді!
– Былай тұр! Мынау – қасқыр ма?!
– Көрейік дейді – біздер де!
– Көрмесек – жұрттың астында өлейік дейді біздер де!
Не деген ғажап гүл өңі?
Көздегі шабыт – тасқын ба?!
…Дұшпанның тау-тау сүйегі – арбаның шаңы астында…
– Асқақ жыр оның – даңқына!
Асау үн көкті кернейді:
– Құдай ғой – Клеопатра!
– Құдайлар
Мәңгі
Өлмейді!!!
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК