Мұның бәрі қалады әлі далада!
Оны тіпті түсінбейтін болады
Шаранаңнан туатұғын шарана…
Егер біреу жырлай қалса, обалы –
Тек – өзіне: сор боп тиер сол әні:
Тілін кесіп тастармыз біз! Немесе –
Естімей-ақ қоюға да болалы…
Өздеріне тұншықтырып өз демін,
Өздеріне өлтіртеміз –
Өздерін!
Бересі де жоқ, өмірден аласы,
Таусылмайтын кикілжіңі, таласы –
Жердің үстін, Аспан астын ылаң қылып –
Бір-бірінің етін жейтін мәңгілік –
Туды бүгін адамзаттың баласы…
(сақылдап күледі)
ҺАУА АНАНЫҢ ДАУЫСЫ:
Лағнатқа –
Лағнат!!!
(Шарана шар-шар етеді. Найзағай жарқылдап,
нөсер құйып тұр. Адам-Ата үнсіз…
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК