АДАМ АТА:
Біздің Ана тілімізде, о, сұмдық!
Пайда болды ХАЙУАНДЫҚ деген сөз!
Естимісің,
тірісің бе, Һауа–Ана?!
ҺАУА АНАНЫҢ ДАУЫСЫ:
Тоқта!
Үндеме…
Тарамасын Ауаға!
(Һауа Ананың талықсыған, шарананың
шырылдаған үні қоса естіледі).
ӘЗӘЗІЛДІҢ ДАУЫСЫ:
Тірлігіңде бола қоймас маза бір,
Қабіріңде қақсап тұрар аза жыр!
Аллаң ойлап таба алмаған сұмдықты
Мен табармын…
Менің атым – Әзәзіл!
Сол сойқаным, міне, бүгін басталған!
Опыр-топыр болар ғалам сасқаннан:
Дүниенің иесі мен – Әзәзіл –
Алла болып сөйлеп тұрған аспаннан…
Періштеде, пендеде жоқ реңмен
Туа салып тығырыққа тірелгем.
«Тіршіліктің түбіне бар, сен жет!» – деп,
Аллам мені Сайтан қылып жіберген…
Су…
От…
Ауа…
Жер – Ана…
Күн…
Махаббат…
Һауа – Ана…
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК