ПРОЛОГ

АЛЛАНЫҢ ДАУЫСЫНА САЛЫП:
Осы бетте құртайын ба көздерін?
ӘЗӘЗІЛДІҢ ДАУЫСЫ:
Асықпаңыз!
Естиікші сөздерін,
Қазір құртып қажеті не көздерін?
Өздеріне тұншықтырып өз демін,
Өздеріне өлтіртейік –
Өздерін!
ҺАУА:
Көресің бе Әзәзілдің бұлтағын,
Бізге тағы бүрке кепті бұл – қанын…
Өзегімнен өрге өмір өргізем,
Сен айтты деп… қырқыспайды ұрпағым!
ӘЗӘЗІЛДІҢ ДАУЫСЫ:
Не болса да, басқа салса көнесің,
Білем, ия… енді өсіп-өнесің,
Ең әуелі босанып ал!
Сонан соң –
Шаранаңның кім болғанын көресің…
(күледі)
АДАМ:
Уа, Тәңірі!
Қамқоршысы баршаның!
Дүниеге тыныштық деп жар салғын!
Өзіменен өзі жүрген жандарда
Нең бар еді?
Маза берші!
Шаршадым…
АЛЛАНЫҢ ДАУЫСЫНА САЛЫП:
Маза деме!
Аза сұра!
Берейін…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *