ӘЗӘЗІЛ
(Әлі Алла кейпінде):
Әй, Һауа-Қар! Желкілдеген тұлымы…
Жетпей қоймас құдайыңның құрығы!
Қай қиянға, қайда қашып кетсең де,
Менсіз өмір сүрмейсіңдер ғұмыры!
Мандымассың рахатқа тұшынып,
Алдыма кел – бастарыңды ұсынып!
Тіліңнен де,
Діліңнен де шықпаспын –
Өмір-бақи үрейіңді ұшырып!
ӘЗӘЗІЛДІҢ ДАУЫСЫ
Бұлар сөзін айтқан емес естінің,
Шариғаттан уағыз айту – кеш бүгін.
«Құдай – бізбіз!» – дегендерін осында
Мен –естідім…
Енді өзің де естігін!
АЛЛАНЫҢ ДАУСЫНА САЛЫП:
Құдай біреу.
Ол – менмін ғой…
ӘЗӘЗІЛДІҢ ДАУЫСЫ:
Уа, Алла!
Оның несін айтып тұрсыз бұларға?
Жан дүниең – жаһаннамға алаң-ды,
Жаман-жәутік ұстады ма жағаңды?
Адам түгіл,
Һауа түгіл қаршадай
Жаратпап па ең Бүкіл Мына Ғаламды?
Қалай осы бетіменен кетті Адам,
Соның жөнін түсіндірші тек маған!
Ести-ести есерлердің мылжыңын
Нағыз тәңірі осылар ма деп қалам?…
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК