ПРОЛОГ

Зіркілі –
Жер жармағай,
Таза болғай құлқыны!
Бір-біріне «Салауат!» – деп зікір сап,
Қодыраңдап жүрмесе егер бір күні…
Бұ жаққа да Жәбірейіл жете ме,
Әзәзіл кеп бәрін талақ ете ме?
Адам ұлы қолға билік тиді деп,
Сайтан құсап апыраңдап кете ме?!
ҺАУА:
Ойлап көрсем ой жетпейтін арғыны,
Естіледі шаранамның зарлы үні.
Құдай болса –
Құрығаны дүниенің!
Құл болады –
Қалғанының барлығы..,
Азап пенен Мазақ болар кіл алап,
Нәсіліміз бірін-бірі кінәләп,
Перілер кеп –
Періштені қуалап –
Топыраққа – Күл мен Қоқыс шыға қап.
Ана тілі орынында –
Дұға қап!
Жәбірейіл мен Әзірейіл төрге озар,
Махаббатың босағадан сығалап…
АДАМ:
Неткен жансың жүрегі – дерт,
шерлі – үні!
Естімеймін сөздеріңді ендігі…
ҺАУА:
Білем, Адам, өзі түгіл, Алланың
Атынан да қорқатының – белгілі!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *