ПРОЛОГ

АДАМ:
Рас айтасың.
Ойға батсам не түрлі
Сол – менің де мазамды әбден кетірді.
Иә, сезем…
Жаным зәру бір затқа,
ол болмаса – түк болмайтын секілді…
Ауа мен Су!
Аспанымда Күн күлсін!
ҺАУА:
Өле–өлгенше бірдеңеге ділгірсің.
АДАМ:
Жанарыңда жарқылдайды бір нәрсе!
Жетпейтіні сол болмаса, Кім білсін…
ҺАУА:
Ол – От!
АДАМ:
Ауа!
Су!
От!
О, Һауа!
Сен тәңірдей әулиесің, нан маған,
Мен өзіңсіз қайтіп жалғыз жан бағам?
Алғансың ба бәріне де ат қойып?
Таң қалам!
ҺАУА:
Таң қалмағын:
Көктен жаңа түстің бе?
АДАМ:
Сенсіз – маған мына Дүние – түс, мүлде.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *