ЕРТЕГІ

Ішқұса боп айта алмай, өлемін бе,
Басқа тағдыр не салса көнемін де,
Өзім білем, өзге жұрт қайдан білсін,
Өмірім де – ертегі, өлеңім де.
Шаһаризада болар ем,
Ерке елім деп,
Неше қилы жырымды шертемін кеп.
Мың бір түннен жететін мың бір күнге,
Емірене айтатын ертегім көп.
Періштеге сан мәрте серік болдым,
Пері қыздың шашын да өріп бердім.
«А» дегенде аузынан алтын құсқан
Жеті басты айдаһар көріп келдім.
Алдында оның алып бір дию отыр,
Қалай мынау ғаламға сыйып отыр?
Айдаһар кеп құсқанда, тау боп кеткен
Саф алтынды алаңсыз жиып отыр.
Қарап отыр,
Алтынын санап отыр.
Қалған ел-жұрт – қайыршы…
Қара қотыр!
Жер тәңірі, ойпырмай, осы болса,
Көк тәңірі қай жаққа қарап отыр?!
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *