Басында айналмасы – алақұсы,
Қасымнан қалмайды бір қара кісі.
Қабаған қара ит қылып жіберейін,
Кеп тұрса қазір мені талағысы?!
Қасымнан қалмайды бір қара кісі.
* * *
Әдемі, әсем әлем-ді
Түндерде
Тал-түс
Ақ таңда –
Сүйдім мен небір әйелді
Құшақтап гүлзар бақтарда.
Еріні оттай күйдірген,
Емем деп соны – құрыдым:
Қара көз қызды сүйдім мен
Тарқатып қара бұрымын.
Сарыауыз қуға ұқсатпа,
Саңлақ сезімнің сардарын:
Талықсып жатты құшақта
Тамылжып атқан таңдарым.
Қиядан саған жеткенмін,
Құнығып сезім, ой, мүлдем,
Қылықты келіншектердің,
Қызығына тоймай қойдым мен.
АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК