ФАРИЗА

Бір ауыз жылы сөзден кенде болып,
Аспаннан ес жинадым – жерге қонып
Көкке ұшып кетуші едік құс болғанда,
Қап қойдық қара жерде – пенде болып.
Аспанға Ақжарықтан сапар шегіп,
Мен сенің пәктігіңе кетем сеніп,
Нағашың – Мұқағали, әкең – Серік,
Әлемді гүл қып бізге әкелші өріп?!
* * *
Айдын көлде жалғыз аққу қаралы,
Мұңға толы, сырға толы жанары.
Аққу – дүние сыңарсыз қап, сұраусыз,
Тауық – дүние жұмыртқалап барады.
Өңімде де, тіпті түнгі түсімде,
Менің бейнем – құс қанатты пішінде.
Әкем – Сұңқар, шешем – Аққу болса да,
Жүрем ылғи қарғалардың ішінде.
Құлақ сарсып, құзғын, қарға шуынан,
Тостағандап жұта бердім уынан.
Қанаттының бәрін құс деп ойлай ма,
Қайран Алаш – аққу ұшқан нуынан.
Соның шерлі өксігінен қоздап жыр,
Басымыздан бір-ақ күнде озбақ жыл.
…Айдын көлде жалғыз аққу қаңқылдап,
Алашымда азалы ақын боздап жүр…
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *