Тірі жаннан айыл жимай өсіп ем

Тірі жаннан айыл жимай өсіп ем,
Керемет бір еркіндікке кенеліп,
Алаш дейтін ұлы ананың төсінен
Ақындық пен тентектікті тел еміп.
 
Манаураған рақатқа кенеліп,
Кезігемін күнде ішмерез малғұнмен.
…Ақындық пен тентектікті тел еміп,
Асқақ болмай, баспақ болып қалдым мен.
 
Көзімді ілсем көретінім не кілең?
Маған қарап, арыстандай жүрегі, –
Сұмырай мен сұмды сойған шетінен
Иманжүсіп неге қарқ-қарқ күледі?
* * *
Қош бол, досым, қош! Қабырғам сөгіліп,
Сені ойлаймын, жанымдасың жаралы.
Айырылысқанмен бүгін біздер егіліп,
Алдымызда бір кездесу бар әлі.
Қол бермей-ақ қош бол, келмей бір тілге
Өкінішпен өксік алмай сананы.
Жаңалығы жоқ өлімнің бұл күнде,
Өмірдің де жаңалығы – шамалы.
 
 
 

АҚСҰҢҚАРҰЛЫ СЕРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *